Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَإِنْ يُكَذِّبُوكَ فَقَدْ كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ وَبِالزُّبُرِ وَبِالْكِتَابِ الْمُنِيرِ
Егер олар сені өтірікші санаса, олардан бұрынғылар да елшілерді өтірікші санаған. Елшілері оларға анық дәлелдер, жазбалар және жарық беруші кітаппен келген еді
ثُمَّ أَخَذْتُ الَّذِينَ كَفَرُوا ۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ
Содан кейін Мен күпірлік еткендерді елшілерді мойындамағандарды ұстадым. Менің жазалауым қалай екен
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجْنَا بِهِ ثَمَرَاتٍ مُخْتَلِفًا أَلْوَانُهَا ۚ وَمِنَ الْجِبَالِ جُدَدٌ بِيضٌ وَحُمْرٌ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهَا وَغَرَابِيبُ سُودٌ
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар ақ, қызыл және өте қарасы
وَمِنَ النَّاسِ وَالدَّوَابِّ وَالْأَنْعَامِ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ كَذَٰلِكَ ۗ إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ غَفُورٌ
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді
إِنَّ الَّذِينَ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً يَرْجُونَ تِجَارَةً لَنْ تَبُورَ
Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын зиянға ұшырамайтын сауданы үміт етеді

Choose other languages: