Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #72 Translated in Kazakh

وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ ۖ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَىٰ فَإِذَا هُمْ قِيَامٌ يَنْظُرُونَ
Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды өледі . Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады
وَأَشْرَقَتِ الْأَرْضُ بِنُورِ رَبِّهَا وَوُضِعَ الْكِتَابُ وَجِيءَ بِالنَّبِيِّينَ وَالشُّهَدَاءِ وَقُضِيَ بَيْنَهُمْ بِالْحَقِّ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Әрі жер жүзі Раббысының нұрымен жарық болады. Кітап қойылады және пайғамбарлар мен куәлар келтіріледі. және олардың арасына әділдікпен үкім етіліп, оларға әділетсіздік жасалмайды
وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسٍ مَا عَمِلَتْ وَهُوَ أَعْلَمُ بِمَا يَفْعَلُونَ
Әрі әрбір жанға істегені толық беріледі. Ол олардың не істегендерін жақсы біледі
وَسِيقَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِلَىٰ جَهَنَّمَ زُمَرًا ۖ حَتَّىٰ إِذَا جَاءُوهَا فُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلٌ مِنْكُمْ يَتْلُونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِ رَبِّكُمْ وَيُنْذِرُونَكُمْ لِقَاءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَا ۚ قَالُوا بَلَىٰ وَلَٰكِنْ حَقَّتْ كَلِمَةُ الْعَذَابِ عَلَى الْكَافِرِينَ
Әрі күпірлік етушілер Аллаһқақарсы келушілер Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» деген кезде, олар: «Иә», дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды
قِيلَ ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا ۖ فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَكَبِّرِينَ
Оларға : «Жаһаннамның қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер!» -делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тұрағы қандай жаман

Choose other languages: