Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #45 Translated in Kazakh

إِنَّا أَنْزَلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ لِلنَّاسِ بِالْحَقِّ ۖ فَمَنِ اهْتَدَىٰ فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَا ۖ وَمَا أَنْتَ عَلَيْهِمْ بِوَكِيلٍ
Ей, Мұхаммед! Күмәнсіз, Біз саған Кітапты адамдар адамзат үшін ақиқатпен түсірдік. Кім тура жолмен жүрсе, ол өз пайдасына. Ал, кім адасса, тек өз зиянына адасады. Сен оларға жауапты емессің
اللَّهُ يَتَوَفَّى الْأَنْفُسَ حِينَ مَوْتِهَا وَالَّتِي لَمْ تَمُتْ فِي مَنَامِهَا ۖ فَيُمْسِكُ الَّتِي قَضَىٰ عَلَيْهَا الْمَوْتَ وَيُرْسِلُ الْأُخْرَىٰ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Аллаһ жанды құлдарының жандарын өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді ол жанды ұйқыда жатқан кездерінде уақытша алады. Сөйтіп құлдарынан өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар
أَمِ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ شُفَعَاءَ ۚ قُلْ أَوَلَوْ كَانُوا لَا يَمْلِكُونَ شَيْئًا وَلَا يَعْقِلُونَ
Әлде олар Аллаһтан өзгелерді өздеріне араша түсушілер етіп алды ма? Ей, Мұхаммед! Айт: «Олар ешнәрсеге ие бол­маса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» деп
قُلْ لِلَّهِ الشَّفَاعَةُ جَمِيعًا ۖ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Айт: «Араша түсу шапағат ету толығымен Аллаһтікі. Аспандар мен жердің билігі -Онікі. Кейін сендер Оған қайтарыласыңдар», деп
وَإِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَحْدَهُ اشْمَأَزَّتْ قُلُوبُ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ ۖ وَإِذَا ذُكِرَ الَّذِينَ مِنْ دُونِهِ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады

Choose other languages: