Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #47 Translated in Kazakh

أَمِ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ شُفَعَاءَ ۚ قُلْ أَوَلَوْ كَانُوا لَا يَمْلِكُونَ شَيْئًا وَلَا يَعْقِلُونَ
Әлде олар Аллаһтан өзгелерді өздеріне араша түсушілер етіп алды ма? Ей, Мұхаммед! Айт: «Олар ешнәрсеге ие бол­маса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» деп
قُلْ لِلَّهِ الشَّفَاعَةُ جَمِيعًا ۖ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Айт: «Араша түсу шапағат ету толығымен Аллаһтікі. Аспандар мен жердің билігі -Онікі. Кейін сендер Оған қайтарыласыңдар», деп
وَإِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَحْدَهُ اشْمَأَزَّتْ قُلُوبُ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ ۖ وَإِذَا ذُكِرَ الَّذِينَ مِنْ دُونِهِ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады
قُلِ اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ عَالِمَ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ أَنْتَ تَحْكُمُ بَيْنَ عِبَادِكَ فِي مَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Айт: «Аллаһым, аспандар мен жердің Жаратушысы, құпия мен айқын нәрсені Білуші! Сен құлдарыңның қайшылыққа түскен мәселелері жайлы олардың арасына үкім шығарасың», — деп
وَلَوْ أَنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لَافْتَدَوْا بِهِ مِنْ سُوءِ الْعَذَابِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ وَبَدَا لَهُمْ مِنَ اللَّهِ مَا لَمْ يَكُونُوا يَحْتَسِبُونَ
Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны Оның барлығын төлемге берер еді. Оларға ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді

Choose other languages: