Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #100 Translated in Kazakh

يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ ۖ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَرْضَىٰ عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Олар сендердің өздерінен разы болуларың үшін ант ішеді. Егер сендер олардан разы болсаңдар да, ақиқатында, Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдардан разы болмайды
الْأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْرًا وَنِفَاقًا وَأَجْدَرُ أَلَّا يَعْلَمُوا حُدُودَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Бәдәуилер, күпірлікте қарсылықта және мұнафиқтықта қаттырақ. Сондай-ақ олар Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргенінің шектерін білмеуге өзгелерден көбірек бейім. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَمِنَ الْأَعْرَابِ مَنْ يَتَّخِذُ مَا يُنْفِقُ مَغْرَمًا وَيَتَرَبَّصُ بِكُمُ الدَّوَائِرَ ۚ عَلَيْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Бәдәуилердің ішінде өздерінің жұм-сайтындарын садақаларын шығын деп есептейтіндер әрі сендерге жамандықтың айналып келуін күтетіндер бар. Жамандық олардың өздеріне. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَمِنَ الْأَعْرَابِ مَنْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَيَتَّخِذُ مَا يُنْفِقُ قُرُبَاتٍ عِنْدَ اللَّهِ وَصَلَوَاتِ الرَّسُولِ ۚ أَلَا إِنَّهَا قُرْبَةٌ لَهُمْ ۚ سَيُدْخِلُهُمُ اللَّهُ فِي رَحْمَتِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын садақа, зекеттерін Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَالسَّابِقُونَ الْأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُمْ بِإِحْسَانٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي تَحْتَهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Мұһажирлер мен ансарлардың ішінен алғашқы озық болғандардан және оларға жақсылықпен ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Одан разы болды. Ол олар үшін астынан өзендер ағып жататын Жәннәт бақтарын әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Міне, осы ұлы жетістік

Choose other languages: