Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #98 Translated in Kazakh

يَعْتَذِرُونَ إِلَيْكُمْ إِذَا رَجَعْتُمْ إِلَيْهِمْ ۚ قُلْ لَا تَعْتَذِرُوا لَنْ نُؤْمِنَ لَكُمْ قَدْ نَبَّأَنَا اللَّهُ مِنْ أَخْبَارِكُمْ ۚ وَسَيَرَى اللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Сендер жорықтан қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сен­дерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», деп
سَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ إِذَا انْقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُوا عَنْهُمْ ۖ فَأَعْرِضُوا عَنْهُمْ ۖ إِنَّهُمْ رِجْسٌ ۖ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Оларға мұнафиқтарға қайтып келген кездеріңде, өздерінен бет бұруларың айыптамауларың үшін сендерге Аллаһпен ант ішеді. Олардан теріс бұрылыңдар. Өйткені олар рижс жаман, жиіркенішті . Әрі істегендерінің қайтарым жазасы ретінде, олардың орны Жаһаннам (Тозақ)
يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ ۖ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَرْضَىٰ عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Олар сендердің өздерінен разы болуларың үшін ант ішеді. Егер сендер олардан разы болсаңдар да, ақиқатында, Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдардан разы болмайды
الْأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْرًا وَنِفَاقًا وَأَجْدَرُ أَلَّا يَعْلَمُوا حُدُودَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Бәдәуилер, күпірлікте қарсылықта және мұнафиқтықта қаттырақ. Сондай-ақ олар Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргенінің шектерін білмеуге өзгелерден көбірек бейім. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَمِنَ الْأَعْرَابِ مَنْ يَتَّخِذُ مَا يُنْفِقُ مَغْرَمًا وَيَتَرَبَّصُ بِكُمُ الدَّوَائِرَ ۚ عَلَيْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Бәдәуилердің ішінде өздерінің жұм-сайтындарын садақаларын шығын деп есептейтіндер әрі сендерге жамандықтың айналып келуін күтетіндер бар. Жамандық олардың өздеріне. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші

Choose other languages: