Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #86 Translated in Kazakh

فَلْيَضْحَكُوا قَلِيلًا وَلْيَبْكُوا كَثِيرًا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Ендеше олар мұнафиқтар істегендерінің қайтарым жазасы ретінде аз күліп, көп жыласын
فَإِنْ رَجَعَكَ اللَّهُ إِلَىٰ طَائِفَةٍ مِنْهُمْ فَاسْتَأْذَنُوكَ لِلْخُرُوجِ فَقُلْ لَنْ تَخْرُجُوا مَعِيَ أَبَدًا وَلَنْ تُقَاتِلُوا مَعِيَ عَدُوًّا ۖ إِنَّكُمْ رَضِيتُمْ بِالْقُعُودِ أَوَّلَ مَرَّةٍ فَاقْعُدُوا مَعَ الْخَالِفِينَ
Ей, Мұхаммед! Ал, егер Аллаһ сені олардан мұнафиқтардан болған бір топқа-қайтарып, олар сенен соғысқа шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» деп айт
وَلَا تُصَلِّ عَلَىٰ أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلَا تَقُمْ عَلَىٰ قَبْرِهِ ۖ إِنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَاتُوا وَهُمْ فَاسِقُونَ
Әрі ешқашан олардан өлген біреуге жаназа намазын оқыма және оның қабірінің басында тұрма! Өйткені олар Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етті сенбеді, қарсы болды әрі бұзық болған бойсұнбаған күйлерінде өлді
وَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَالُهُمْ وَأَوْلَادُهُمْ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ أَنْ يُعَذِّبَهُمْ بِهَا فِي الدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنْفُسُهُمْ وَهُمْ كَافِرُونَ
Сені олардың мұнафиқтардың дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ оларға бұл өмірде, осы нәрселер арқылы азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды
وَإِذَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ أَنْ آمِنُوا بِاللَّهِ وَجَاهِدُوا مَعَ رَسُولِهِ اسْتَأْذَنَكَ أُولُو الطَّوْلِ مِنْهُمْ وَقَالُوا ذَرْنَا نَكُنْ مَعَ الْقَاعِدِينَ
«Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілген кезде, олардың ішіндегі дәулеттілері сенен сұранып: «Бізді қалдыр, отырушылармен соғысқа бара алмайтындармен бірге болайық», деді

Choose other languages: