Surah At-Tawba Ayahs #61 Translated in Kazakh
لَوْ يَجِدُونَ مَلْجَأً أَوْ مَغَارَاتٍ أَوْ مُدَّخَلًا لَوَلَّوْا إِلَيْهِ وَهُمْ يَجْمَحُونَ
Егер де олар бір пана, не үңгір немесе кіретін жай тапқанда, солай қарай асыға жөнелер еді
وَمِنْهُمْ مَنْ يَلْمِزُكَ فِي الصَّدَقَاتِ فَإِنْ أُعْطُوا مِنْهَا رَضُوا وَإِنْ لَمْ يُعْطَوْا مِنْهَا إِذَا هُمْ يَسْخَطُونَ
Ей, Мұхаммед! Олардың ішінде садақаларға зекет және нәпіл садақалар қатысты сені айыптайтындар бар. Оларға одан берілсе, разы болады, ал одан берілмеген кезде, олар ашуланып наразы болады
وَلَوْ أَنَّهُمْ رَضُوا مَا آتَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ سَيُؤْتِينَا اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَرَسُولُهُ إِنَّا إِلَى اللَّهِ رَاغِبُونَ
Олардың Аллаһ және Оның Елшісінің өздеріне бергеніне разы болуы әрі: «Бізге Аллаһ жеткілікті. Жақында Аллаһ бізге Өз кеңшілігінен береді және Оның Елшісі де. Анығында, біз Аллаһқа қарай ұмтылушымыз!» деп айтулары қайырлы еді
إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاءِ وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۖ فَرِيضَةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Анығында, садақалар зекеттер жоқ-жітікке, кедейлерге және оған зекетті жинауға қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға ислам дінін жаңа қабылдағандарға , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және жолда қалған жолаушыға, Аллаһ тарапынан белгіленген бір парыз ретінде, осыларға тән. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَمِنْهُمُ الَّذِينَ يُؤْذُونَ النَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنٌ ۚ قُلْ أُذُنُ خَيْرٍ لَكُمْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَيُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِينَ وَرَحْمَةٌ لِلَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ ۚ وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Олардың мұнафиқтардың ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол құлақ»,- деп айтатындар бар. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ол сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға мүміндерге сенеді және сендерден иманға келгендер үшін бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», деп
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
