Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #43 Translated in Kazakh

إِلَّا تَنْفِرُوا يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمًا وَيَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّوهُ شَيْئًا ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Егер сендер шықпасаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен азаптайды және сендерді басқа елмен алмастырады әрі сендер Оған ешқандай зиян жеткізе алмайсыңдар. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
إِلَّا تَنْصُرُوهُ فَقَدْ نَصَرَهُ اللَّهُ إِذْ أَخْرَجَهُ الَّذِينَ كَفَرُوا ثَانِيَ اثْنَيْنِ إِذْ هُمَا فِي الْغَارِ إِذْ يَقُولُ لِصَاحِبِهِ لَا تَحْزَنْ إِنَّ اللَّهَ مَعَنَا ۖ فَأَنْزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَيْهِ وَأَيَّدَهُ بِجُنُودٍ لَمْ تَرَوْهَا وَجَعَلَ كَلِمَةَ الَّذِينَ كَفَرُوا السُّفْلَىٰ ۗ وَكَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Егер сендер оған Елшіге көмектеспесеңдер, онда біліңдер, күпірлік етушілер Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар оны екеудің екіншісі етіпМеккеден шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына Әбу Бәкірге : «Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын тыныштық түсірді және оны сендер көрмеген әскермен періштелермен қолдады. Әрі күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келгендердің сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
انْفِرُوا خِفَافًا وَثِقَالًا وَجَاهِدُوا بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Жеңіл күйде не ауыр күйде болсаңдар да шығындар және Аллаһ жолында дүниелерің әрі жандарың арқылы күресіңдер. Егер білсеңдер, осы өздерің үшін қайырлы
لَوْ كَانَ عَرَضًا قَرِيبًا وَسَفَرًا قَاصِدًا لَاتَّبَعُوكَ وَلَٰكِنْ بَعُدَتْ عَلَيْهِمُ الشُّقَّةُ ۚ وَسَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَوِ اسْتَطَعْنَا لَخَرَجْنَا مَعَكُمْ يُهْلِكُونَ أَنْفُسَهُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар мұнафиқтар саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі
عَفَا اللَّهُ عَنْكَ لِمَ أَذِنْتَ لَهُمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَتَعْلَمَ الْكَاذِبِينَ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ сені кешірсін. Сен, шын сөзділер анықталмайынша әрі өтірікшілерді білмейінше, не үшін оларға жорықтанқалуға рұқсат бердің

Choose other languages: