Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #21 Translated in Kazakh

مَا كَانَ لِلْمُشْرِكِينَ أَنْ يَعْمُرُوا مَسَاجِدَ اللَّهِ شَاهِدِينَ عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ بِالْكُفْرِ ۚ أُولَٰئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ وَفِي النَّارِ هُمْ خَالِدُونَ
Мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар өздерінің қарсылықтарына куәлік келтіре тұрып, Аллаһтың мешіттерін жандандыруға лайықты емес. Міне, солардың амалдары зая кетті әрі олар – Отта мәңгі қалушылар
إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَأَقَامَ الصَّلَاةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلَّا اللَّهَ ۖ فَعَسَىٰ أُولَٰئِكَ أَنْ يَكُونُوا مِنَ الْمُهْتَدِينَ
Шын мәнінде, Аллаһтың мешіттерін Аллаһқа және Ақирет күніне сенген, намазды барлық шарттарын сақтап,беріле толық орындаған, зекетті берген әрі Аллаһтан өзгеден қорықпағандар ғана жандандырады. Міне, солар тура жолмен жүрушілерден болады
أَجَعَلْتُمْ سِقَايَةَ الْحَاجِّ وَعِمَارَةَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ كَمَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَجَاهَدَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ لَا يَسْتَوُونَ عِنْدَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
الَّذِينَ آمَنُوا وَهَاجَرُوا وَجَاهَدُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ أَعْظَمُ دَرَجَةً عِنْدَ اللَّهِ ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ
Иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында малдары, жандарымен күрескендер, Аллаһтың алдында дәреже тұрғысында өте жоғары. Міне, солар табысқа жетушілер
يُبَشِّرُهُمْ رَبُّهُمْ بِرَحْمَةٍ مِنْهُ وَرِضْوَانٍ وَجَنَّاتٍ لَهُمْ فِيهَا نَعِيمٌ مُقِيمٌ
Оларды Раббысы Өзінен болған мейірімімен, разылығымен және жәннат бақтарымен сүйіншілейді. Онда олар үшін таусылмайтын рахат бар

Choose other languages: