Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tahrim Ayahs #12 Translated in Kazakh

ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا لِلَّذِينَ كَفَرُوا امْرَأَتَ نُوحٍ وَامْرَأَتَ لُوطٍ ۖ كَانَتَا تَحْتَ عَبْدَيْنِ مِنْ عِبَادِنَا صَالِحَيْنِ فَخَانَتَاهُمَا فَلَمْ يُغْنِيَا عَنْهُمَا مِنَ اللَّهِ شَيْئًا وَقِيلَ ادْخُلَا النَّارَ مَعَ الدَّاخِلِينَ
Аллаһ Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін күпірлік етушілердің имансыздардың мысалы етіп келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың некесінде еді. Ол екеуі оларға қиянат жасады. Алайда, ол екеуіне Аллаһтың алдында еш нәрсе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге Отқа тозаққа кіріңдер», делінді
وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا لِلَّذِينَ آمَنُوا امْرَأَتَ فِرْعَوْنَ إِذْ قَالَتْ رَبِّ ابْنِ لِي عِنْدَكَ بَيْتًا فِي الْجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِنْ فِرْعَوْنَ وَعَمَلِهِ وَنَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Ал, иманға келгендердің мысал-үлгісі етіп, Аллаһ Фиръаунның әйелін келтірді. Кезінде ол: «Раббым! Маған Өзіңнің құзырыңнан Жәннатта бір үй тұрғыз және мені Фиръаун мен оның істерінен құтқар әрі мені әділетсіз адамдардан құтқар», деген еді
وَمَرْيَمَ ابْنَتَ عِمْرَانَ الَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهِ مِنْ رُوحِنَا وَصَدَّقَتْ بِكَلِمَاتِ رَبِّهَا وَكُتُبِهِ وَكَانَتْ مِنَ الْقَانِتِينَ
Сондай-ақ әйелдік пәктігін қорғаған ’Имранның қызы Мэриямды да. Біз оған Өз иелігіміздегі рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздеріне және Кітаптарына сенді әрі Раббысына берілушілерден болды

Choose other languages: