Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Taghabun Ayahs #15 Translated in Kazakh

مَا أَصَابَ مِنْ مُصِيبَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ يَهْدِ قَلْبَهُ ۚ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Кез келген қиындық тек Аллаһтың рұқсатымен ғана болады. Кім Аллаһқа сенсе, Ол оның жүрегін тура жолға бұрады. Аллаһ барлық нәрсені жақсы Білуші
وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ ۚ فَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَإِنَّمَا عَلَىٰ رَسُولِنَا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар. Егер теріс бұрылсаңдар, Елшімізге анық жеткізу ғана жүктелген
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан имандылар Аллаһқажүгініп, істерін Оған тапсырсын тәуекел етсін
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ وَأَوْلَادِكُمْ عَدُوًّا لَكُمْ فَاحْذَرُوهُمْ ۚ وَإِنْ تَعْفُوا وَتَصْفَحُوا وَتَغْفِرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Негізінде жұбайларыңның және балаларыңның ішінде сендерге жау болатындар бар, олардан абай болыңдар. Егер жазаламай, кең пейілдік танытсаңдар және кешірсеңдер, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
إِنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ ۚ وَاللَّهُ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Анығында, сендердің мал-дәулеттерің және балаларың бір сынақ. Ал, Аллаһта ұлы сый бар

Choose other languages: