Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #49 Translated in Kazakh

وَتَرَاهُمْ يُعْرَضُونَ عَلَيْهَا خَاشِعِينَ مِنَ الذُّلِّ يَنْظُرُونَ مِنْ طَرْفٍ خَفِيٍّ ۗ وَقَالَ الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ الْخَاسِرِينَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ وَأَهْلِيهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ أَلَا إِنَّ الظَّالِمِينَ فِي عَذَابٍ مُقِيمٍ
Әрі сен олардың оған тозаққа келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра ұрлана қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты мәңгі азапта болады
وَمَا كَانَ لَهُمْ مِنْ أَوْلِيَاءَ يَنْصُرُونَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۗ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ سَبِيلٍ
Әрі олар да Аллаһтан басқа өздеріне көмектесетін қамқоршылар болмайды. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешбір жол жоқ
اسْتَجِيبُوا لِرَبِّكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۚ مَا لَكُمْ مِنْ مَلْجَإٍ يَوْمَئِذٍ وَمَا لَكُمْ مِنْ نَكِيرٍ
Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер бойсұныңдар . Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде күнәларыңды мойындамай теріске шығару да болмайды
فَإِنْ أَعْرَضُوا فَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ حَفِيظًا ۖ إِنْ عَلَيْكَ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَإِنَّا إِذَا أَذَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنَّا رَحْمَةً فَرِحَ بِهَا ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ فَإِنَّ الْإِنْسَانَ كَفُورٌ
Ей, Мұхаммед! Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған күнәлі істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам берілген игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады
لِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ يَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ إِنَاثًا وَيَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ الذُّكُورَ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды

Choose other languages: