Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #51 Translated in Kazakh

اسْتَجِيبُوا لِرَبِّكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۚ مَا لَكُمْ مِنْ مَلْجَإٍ يَوْمَئِذٍ وَمَا لَكُمْ مِنْ نَكِيرٍ
Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер бойсұныңдар . Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде күнәларыңды мойындамай теріске шығару да болмайды
فَإِنْ أَعْرَضُوا فَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ حَفِيظًا ۖ إِنْ عَلَيْكَ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَإِنَّا إِذَا أَذَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنَّا رَحْمَةً فَرِحَ بِهَا ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ فَإِنَّ الْإِنْسَانَ كَفُورٌ
Ей, Мұхаммед! Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған күнәлі істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам берілген игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады
لِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ يَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ إِنَاثًا وَيَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ الذُّكُورَ
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды
أَوْ يُزَوِّجُهُمْ ذُكْرَانًا وَإِنَاثًا ۖ وَيَجْعَلُ مَنْ يَشَاءُ عَقِيمًا ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ قَدِيرٌ
Немесе оларға ұлдар мен қыздарды қосып береді, ал қалағанын бедеу перзентсіз етеді. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , барлық нәрсені, қалағаны Жасай алушы
وَمَا كَانَ لِبَشَرٍ أَنْ يُكَلِّمَهُ اللَّهُ إِلَّا وَحْيًا أَوْ مِنْ وَرَاءِ حِجَابٍ أَوْ يُرْسِلَ رَسُولًا فَيُوحِيَ بِإِذْنِهِ مَا يَشَاءُ ۚ إِنَّهُ عَلِيٌّ حَكِيمٌ
Аллаһ тек уахи арқылы не тосық артынан болмаса, ешбір адаммен сөйлеспейді. Не Ол бір елші періште жіберіп, ол періште Оның бұйрығымен Оның қалағанына уахи етеді. Ақиқатында, Ол өте Жоғары, аса Дана

Choose other languages: