Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shura Ayahs #39 Translated in Kazakh

وَيَعْلَمَ الَّذِينَ يُجَادِلُونَ فِي آيَاتِنَا مَا لَهُمْ مِنْ مَحِيصٍ
Біздің аят-белгілеріміз жайында сөз тартысатындар өздеріне құтылар жер жоқ екенін білсін
فَمَا أُوتِيتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَمَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَمَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ لِلَّذِينَ آمَنُوا وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Сендерге берілген барлық нәрсе осы өмірде ғана пайдаланылатын уақытша заттар. Ал Аллаһтағы нәрселер–иманға келген және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар тәуекел ететіндер үшін қайырлы әрі тұрақты
وَالَّذِينَ يَجْتَنِبُونَ كَبَائِرَ الْإِثْمِ وَالْفَوَاحِشَ وَإِذَا مَا غَضِبُوا هُمْ يَغْفِرُونَ
Солар үлкен күнәлар мен жиіркенішті істерден өздерін алыс ұстайтын және ашуланған кездерінде кешіретіндер
وَالَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِرَبِّهِمْ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَمْرُهُمْ شُورَىٰ بَيْنَهُمْ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
әрі солар өздерінің Раббысына жауап беретін, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын, істерінде өзара кеңесетін және Біз өздеріне ризық етіп нәсіп еткеннен беретіндер
وَالَّذِينَ إِذَا أَصَابَهُمُ الْبَغْيُ هُمْ يَنْتَصِرُونَ
және солар, өздеріне әділетсіздік етілсе, жауап қайтаратындар

Choose other languages: