Quran Apps in many lanuages:

Surah As-Saff Ayahs #14 Translated in Kazakh

تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَتُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Аллаһқа және Оның елшісіне сеніңдер, Аллаһтың жолында малдарыңмен әрі жандарыңмен күресіндер. Білсеңдер, сендер үшін осы қайырлы
يَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَيُدْخِلْكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ وَمَسَاكِنَ طَيِّبَةً فِي جَنَّاتِ عَدْنٍ ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Сонда Ол күнәларыңды кешіріп, сендерді астынан өзендер ағатын Жәннаттағы бақтарға және ’Адн жәннатындағы көркем жайларға кіргізеді. Міне, осы ұлы табыс
وَأُخْرَىٰ تُحِبُّونَهَا ۖ نَصْرٌ مِنَ اللَّهِ وَفَتْحٌ قَرِيبٌ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Әрі өздерің жақсы көретін басқа да нәрселер: Аллаһтан жәрдем және жақын бір жеңіс бар. Ей, Мұхаммед! Имандыларды осы хабармен сүйіншіле
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا أَنْصَارَ اللَّهِ كَمَا قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ لِلْحَوَارِيِّينَ مَنْ أَنْصَارِي إِلَى اللَّهِ ۖ قَالَ الْحَوَارِيُّونَ نَحْنُ أَنْصَارُ اللَّهِ ۖ فَآمَنَتْ طَائِفَةٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَكَفَرَتْ طَائِفَةٌ ۖ فَأَيَّدْنَا الَّذِينَ آمَنُوا عَلَىٰ عَدُوِّهِمْ فَأَصْبَحُوا ظَاهِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ жолындағы жәрдемшілерім кім?» дегенінде, хауарилердің: «Біз Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың Оның дінінің жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді қарсы шықты . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды

Choose other languages: