Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #60 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَالْإِيمَانَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِي كِتَابِ اللَّهِ إِلَىٰ يَوْمِ الْبَعْثِ ۖ فَهَٰذَا يَوْمُ الْبَعْثِ وَلَٰكِنَّكُمْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ал білім мен иман берілгендер болса: «Негізінде сендер Аллаһтың жазуы бойынша қайта тірілтілетін күнге дейін болдыңдар. Қайта тірілтілетін күн осы. Бірақ сендер білмедіңдер», дейді
فَيَوْمَئِذٍ لَا يَنْفَعُ الَّذِينَ ظَلَمُوا مَعْذِرَتُهُمْ وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ
Сол күні әділетсіздік істегендерге ақталулары пайда бермейді әрі олардан талап етілмейді
وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ ۚ وَلَئِنْ جِئْتَهُمْ بِآيَةٍ لَيَقُولَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا مُبْطِلُونَ
Біз осы Құранда адамдарға әртүрлі мысалдардан келтірдік. Егер оларға бір белгі, мұғжиза келтірсең де күпір келтірушілер мойындамаушылар сөзсіз: «Сендер тек жалғанды әкелушісіңдер», дейді
كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Аллаһ білмейтіндердің жүректерін осылай мөрлеп бітеп қояды
فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ ۖ وَلَا يَسْتَخِفَّنَّكَ الَّذِينَ لَا يُوقِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Сабыр ет. Аллаһтың уәдесі ақиқат. Айқын сенімі болмағандар сенен босаңсу көрмесін

Choose other languages: