Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #34 Translated in Kazakh

فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا ۚ فِطْرَتَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا ۚ لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Жүзіңді дінге ханиф болған түрде қарат. Аллаһ адамдарды осы фитрамен табиғи болмыспен жаратты. Аллаһтың жаратқанын фитраны өзгертуге болмайды. Міне, осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді
مُنِيبِينَ إِلَيْهِ وَاتَّقُوهُ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Оған бойсұнған күйде қайтып, тақуалық етіңдер жазасынан қорқып, сақтаныңдар және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле, толық орындаңдар және Аллаһқа серік қосушылардан болмаңдар
مِنَ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ
сондай діндерін жікке бөлшектеп және топтарға бөлініп, әрбір тобы өздеріндегіге мәз болып жүргендердің қатарынан болмаңдар
وَإِذَا مَسَّ النَّاسَ ضُرٌّ دَعَوْا رَبَّهُمْ مُنِيبِينَ إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا أَذَاقَهُمْ مِنْهُ رَحْمَةً إِذَا فَرِيقٌ مِنْهُمْ بِرَبِّهِمْ يُشْرِكُونَ
Егер адамдарға бір зиян тисе, олар Раббысына бойсұна жүгініп, Оған жалбарынады. Ал, кейін Ол оларға Өз тарапынан бір мейірім татқызса, олардың бір бөлігі Раббысына серік қосады
لِيَكْفُرُوا بِمَا آتَيْنَاهُمْ ۚ فَتَمَتَّعُوا فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
сөйтіп Біздің оларға бергенімізге күпірлік ету мойындамау, теріске шығару үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақын арада білесіңдер

Choose other languages: