Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #97 Translated in Kazakh

وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا
Кім бір иманды адамды мүмінді әдейілеп өлтірсе, оның жазасы Жаһаннам болып, ол онда түпкілікті қалады. Әрі Аллаһ оған ашуланып, оны лағнеттейді және ол үшін өте үлкен азап әзірлейді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا ضَرَبْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَتَبَيَّنُوا وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَىٰ إِلَيْكُمُ السَّلَامَ لَسْتَ مُؤْمِنًا تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٌ ۚ كَذَٰلِكَ كُنْتُمْ مِنْ قَبْلُ فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَتَبَيَّنُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына жорыққа шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге исламның сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам мүмін емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа табыс бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ فَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ عَلَى الْقَاعِدِينَ دَرَجَةً ۚ وَكُلًّا وَعَدَ اللَّهُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَفَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ أَجْرًا عَظِيمًا
Иманға келгендерден себепсіз соғысқа шықпай отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары себебі барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді үйлерінде отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті
دَرَجَاتٍ مِنْهُ وَمَغْفِرَةً وَرَحْمَةً ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Өз тарапынан болған дәрежелерде, кешірімде және мейірімде. Аллаһ өте Кешірімді ,ерекше Мейірімді
إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُوا فِيمَ كُنْتُمْ ۖ قَالُوا كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الْأَرْضِ ۚ قَالُوا أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُوا فِيهَا ۚ فَأُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», дейді. Періштелер : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» дейді. Міне, солардың «баспанасы» Жаһаннам. Ол баратын орын қандай жаман

Choose other languages: