Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #22 Translated in Kazakh

وَلَيْسَتِ التَّوْبَةُ لِلَّذِينَ يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ حَتَّىٰ إِذَا حَضَرَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ إِنِّي تُبْتُ الْآنَ وَلَا الَّذِينَ يَمُوتُونَ وَهُمْ كُفَّارٌ ۚ أُولَٰئِكَ أَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым тәубе қылдым », деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَحِلُّ لَكُمْ أَنْ تَرِثُوا النِّسَاءَ كَرْهًا ۖ وَلَا تَعْضُلُوهُنَّ لِتَذْهَبُوا بِبَعْضِ مَا آتَيْتُمُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُبَيِّنَةٍ ۚ وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ ۚ فَإِنْ كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰ أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا
Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар өз әйелдерің анық азғындық-жиіркенішті іс ойнастық істемесе, оларға бергендеріңнің мәһрдің бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай жақсы қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар сабыр сақтаңдар ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр игілік жасап қоюы мүмкін
وَإِنْ أَرَدْتُمُ اسْتِبْدَالَ زَوْجٍ مَكَانَ زَوْجٍ وَآتَيْتُمْ إِحْدَاهُنَّ قِنْطَارًا فَلَا تَأْخُذُوا مِنْهُ شَيْئًا ۚ أَتَأْخُذُونَهُ بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا
Ал, егер бір әйелмен ажырасып, ор­нына басқа әйелді алуды қаласаңдар, сонда олардың біріне мол дүние берген болсаңдар да одан ешнәрсе алмаңдар. Оны жалғандықпен және анық күнә жасап аласыңдар ма
وَكَيْفَ تَأْخُذُونَهُ وَقَدْ أَفْضَىٰ بَعْضُكُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ وَأَخَذْنَ مِنْكُمْ مِيثَاقًا غَلِيظًا
Оны әйелге бергендеріңді қалай аласыңдар? Ақиқатында, сендер бір-біріңе қосылып әрі олар сендерден қатаң серт алған еді
وَلَا تَنْكِحُوا مَا نَكَحَ آبَاؤُكُمْ مِنَ النِّسَاءِ إِلَّا مَا قَدْ سَلَفَ ۚ إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَمَقْتًا وَسَاءَ سَبِيلًا
Әкелерің үйленген әйелдерге үйленбеңдер. Бірақ, бұрын исламға дейін өткені өтті. Өйткені бұл бір жиіркенішті әрі жек көрінішті іс және жолдың жаманы

Choose other languages: