Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #12 Translated in Kazakh

فَلَمَّا جَاءَهَا نُودِيَ أَنْ بُورِكَ مَنْ فِي النَّارِ وَمَنْ حَوْلَهَا وَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Ол оған келген кезде: «Отта нұрда болғанға және оның айналасындағыға береке болсын. Әлемдердің Раббысы Аллаһ барлық кемшіліктен пәк
يَا مُوسَىٰ إِنَّهُ أَنَا اللَّهُ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ей, Мұса! Ақиқатында, Мен бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһпын
وَأَلْقِ عَصَاكَ ۚ فَلَمَّا رَآهَا تَهْتَزُّ كَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّىٰ مُدْبِرًا وَلَمْ يُعَقِّبْ ۚ يَا مُوسَىٰ لَا تَخَفْ إِنِّي لَا يَخَافُ لَدَيَّ الْمُرْسَلُونَ
Таяғыңды таста», деп үнделді . Ол оның жылан тәрізді ирелендегенін көргенде, теріс бұрыла қашты әрі қайрылып қарамады. Аллаһ айтты : «Ей, Мұса! Қорықпа, өйткені елшілер Менің алдымда қорықпайды
إِلَّا مَنْ ظَلَمَ ثُمَّ بَدَّلَ حُسْنًا بَعْدَ سُوءٍ فَإِنِّي غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал, егер кім әділетсіздік жасап, кейін жамандықты жақсылықпен алмастырса, ақиқатында, Мен өте Кешірімді , ерекше Мейірімдімін
وَأَدْخِلْ يَدَكَ فِي جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ ۖ فِي تِسْعِ آيَاتٍ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَقَوْمِهِ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол зиянсыз аппақ болып шығады. Бүл Фиръаунға және оның еліне жіберілетін тоғыз белгінің бірі. Шын мәнінде, олар бұзық бойсұнбайтын ел», деді

Choose other languages: