Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #63 Translated in Kazakh

قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ وَسَلَامٌ عَلَىٰ عِبَادِهِ الَّذِينَ اصْطَفَىٰ ۗ آللَّهُ خَيْرٌ أَمَّا يُشْرِكُونَ
Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Әрі Оның таңдаған құлдарына сәлам амандық болсын! Аллаһ жақсы ма, не сендердің Оған серік етіп қосқандарың ба?»- деп
أَمَّنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَأَنْزَلَ لَكُمْ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنْبَتْنَا بِهِ حَدَائِقَ ذَاتَ بَهْجَةٍ مَا كَانَ لَكُمْ أَنْ تُنْبِتُوا شَجَرَهَا ۗ أَإِلَٰهٌ مَعَ اللَّهِ ۚ بَلْ هُمْ قَوْمٌ يَعْدِلُونَ
Серік етіп қосқандарың ба,! әлде аспандарды және жерді жаратқан және сендерге аспаннан су түсірген бе? Біз онымен әдемі бақтарды өсірдік, сендер оның ағашын өсіре алмайтын едіндер. Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?! Негізінде, олар Аллаһқа өзгелерді! теңестіріп, қатар қоюшы ел
أَمَّنْ جَعَلَ الْأَرْضَ قَرَارًا وَجَعَلَ خِلَالَهَا أَنْهَارًا وَجَعَلَ لَهَا رَوَاسِيَ وَجَعَلَ بَيْنَ الْبَحْرَيْنِ حَاجِزًا ۗ أَإِلَٰهٌ مَعَ اللَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Серік етіп қосқандарың ба , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен ара-арасынан өзендер өткізген және оған жерге берік тұрғандарды тауларды орналастырған әрі екі теңіздің арасына көрінбейтін тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді
أَمَّنْ يُجِيبُ الْمُضْطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكْشِفُ السُّوءَ وَيَجْعَلُكُمْ خُلَفَاءَ الْأَرْضِ ۗ أَإِلَٰهٌ مَعَ اللَّهِ ۚ قَلِيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Әлде қиыншылыққа тап болып Одан тілегенде, оған жауап беретін тілегін қабыл алатын , жамандықты кетіретін және сендерді жерге халифалар бір-бірінің орнын басушылар жасаған ба, әлде серік етіп қосқандарың жақсы ма ? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Сендер аз еске аласыңдар
أَمَّنْ يَهْدِيكُمْ فِي ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَمَنْ يُرْسِلُ الرِّيَاحَ بُشْرًا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِ ۗ أَإِلَٰهٌ مَعَ اللَّهِ ۚ تَعَالَى اللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Әлде құрлық пен теңіз қараңғылықтарында сендерді жолмен жүргізетін және желдерді Өз мейірімінің алдында қуанышты хабар етіп жіберетін бе?! Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

Choose other languages: