Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #48 Translated in Kazakh

قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الصَّرْحَ ۖ فَلَمَّا رَأَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَكَشَفَتْ عَنْ سَاقَيْهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ صَرْحٌ مُمَرَّدٌ مِنْ قَوَارِيرَ ۗ قَالَتْ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَانَ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Оған: «Сарайға кір», делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, етегін түріп балтырын ашты. Сүлеймен : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», деді. Сонда ол : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», деді
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ فَإِذَا هُمْ فَرِيقَانِ يَخْتَصِمُونَ
Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді
قَالَ يَا قَوْمِ لِمَ تَسْتَعْجِلُونَ بِالسَّيِّئَةِ قَبْلَ الْحَسَنَةِ ۖ لَوْلَا تَسْتَغْفِرُونَ اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Ол: «Әй, елім! Сендер неге жақсылықтан бұрын жамандықты асықтырасыңдар? Өздеріңе рақым етілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрамайсыңдар ма?» деді
قَالُوا اطَّيَّرْنَا بِكَ وَبِمَنْ مَعَكَ ۚ قَالَ طَائِرُكُمْ عِنْدَ اللَّهِ ۖ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ تُفْتَنُونَ
Олар: «Біз сені және сенімен бірге болғандарды жамандықтың нышаны деп есептейміз»,- деді. Ол: «Жаман белгі дегендерің Аллаһтан. Керісінше сендер сынаққа ұшырап жатқан елсіңдер», деді
وَكَانَ فِي الْمَدِينَةِ تِسْعَةُ رَهْطٍ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ
Ал, сол қалада тоғыз кісі бар еді. Олар жер бетінде елінде бұзық іс таратып, еш нәрсе түзетпейтін

Choose other languages: