Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #44 Translated in Kazakh

قَالَ الَّذِي عِنْدَهُ عِلْمٌ مِنَ الْكِتَابِ أَنَا آتِيكَ بِهِ قَبْلَ أَنْ يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَآهُ مُسْتَقِرًّا عِنْدَهُ قَالَ هَٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبِّي لِيَبْلُوَنِي أَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَنْ شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّي غَنِيٌّ كَرِيمٌ
Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», деді. Ол Сүлеймен оның тақтың өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе әлде күпірлік етемін бе шүкіршілік білдірмеймін бе мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе өзіне берілгенді мойындамаса , ақиқатында Раббым бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », деді
قَالَ نَكِّرُوا لَهَا عَرْشَهَا نَنْظُرْ أَتَهْتَدِي أَمْ تَكُونُ مِنَ الَّذِينَ لَا يَهْتَدُونَ
Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол әйел жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» деді
فَلَمَّا جَاءَتْ قِيلَ أَهَٰكَذَا عَرْشُكِ ۖ قَالَتْ كَأَنَّهُ هُوَ ۚ وَأُوتِينَا الْعِلْمَ مِنْ قَبْلِهَا وَكُنَّا مُسْلِمِينَ
Ал, ол патша әйел келген кезде, оған оның өзінің тағын сәл өзгертіп : «Сеніңтағың осындай ма еді?» деп айтылды. Ол патша әйел : «Дәл өзі сияқты», деді. Сүлеймен : «Бізге білім одан ол әйелден бұрын берілді және біз мұсылман болдық бойсұндық », деді
وَصَدَّهَا مَا كَانَتْ تَعْبُدُ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ إِنَّهَا كَانَتْ مِنْ قَوْمٍ كَافِرِينَ
Ал, оны ол әйелді иманнан Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын
قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الصَّرْحَ ۖ فَلَمَّا رَأَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَكَشَفَتْ عَنْ سَاقَيْهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ صَرْحٌ مُمَرَّدٌ مِنْ قَوَارِيرَ ۗ قَالَتْ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَانَ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Оған: «Сарайға кір», делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, етегін түріп балтырын ашты. Сүлеймен : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», деді. Сонда ол : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», деді

Choose other languages: