Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Najm Ayahs #35 Translated in Kazakh

وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ أَسَاءُوا بِمَا عَمِلُوا وَيَجْزِيَ الَّذِينَ أَحْسَنُوا بِالْحُسْنَى
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін
الَّذِينَ يَجْتَنِبُونَ كَبَائِرَ الْإِثْمِ وَالْفَوَاحِشَ إِلَّا اللَّمَمَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ وَاسِعُ الْمَغْفِرَةِ ۚ هُوَ أَعْلَمُ بِكُمْ إِذْ أَنْشَأَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ وَإِذْ أَنْتُمْ أَجِنَّةٌ فِي بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ ۖ فَلَا تُزَكُّوا أَنْفُسَكُمْ ۖ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنِ اتَّقَىٰ
тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді Адам атаны жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды жақсы біледі
أَفَرَأَيْتَ الَّذِي تَوَلَّىٰ
Теріс бұрылғанды көрдің бе
وَأَعْطَىٰ قَلِيلًا وَأَكْدَىٰ
аз берген және сараңдық еткенді
أَعِنْدَهُ عِلْمُ الْغَيْبِ فَهُوَ يَرَىٰ
Онда ғайып жайлы білім бар ма, ол көретіндей

Choose other languages: