Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #67 Translated in Kazakh

تَاللَّهِ لَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ أُمَمٍ مِنْ قَبْلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ أَعْمَالَهُمْ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ الْيَوْمَ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Аллаһпен ант етемін! Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да үмметтерге елшілер жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол шайтан бүгін осы өмірде олардың жақыны, досы әрі олар үшін ақиретте қинаушы азап бар
وَمَا أَنْزَلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ الَّذِي اخْتَلَفُوا فِيهِ ۙ وَهُدًى وَرَحْمَةً لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Біз саған Кітапты оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіруің және имандылар мүміндер үшін тура жолды ұстануға басшылық әрі мейірім етіп түсірдік
وَاللَّهُ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَحْيَا بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ
Аллаһ аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оған жан бітірді. Міне, мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُسْقِيكُمْ مِمَّا فِي بُطُونِهِ مِنْ بَيْنِ فَرْثٍ وَدَمٍ لَبَنًا خَالِصًا سَائِغًا لِلشَّارِبِينَ
Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сіңімді болған таза сүтті ішкіземіз
وَمِنْ ثَمَرَاتِ النَّخِيلِ وَالْأَعْنَابِ تَتَّخِذُونَ مِنْهُ سَكَرًا وَرِزْقًا حَسَنًا ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ
Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар

Choose other languages: