Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #39 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا لَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا عَبَدْنَا مِنْ دُونِهِ مِنْ شَيْءٍ نَحْنُ وَلَا آبَاؤُنَا وَلَا حَرَّمْنَا مِنْ دُونِهِ مِنْ شَيْءٍ ۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ فَهَلْ عَلَى الرُّسُلِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Сондай-ақ, Аллаһпен қатар өзгеге табынғандар серік қосушылар : «Егер де Аллаһ қалағанда біз де, әкелеріміз де Одан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік әрі Онсыз Оның рұқсатынсыз еш нәрсеге тыйым салмас едік»,- деді. Олардан бұрынғылар серік қатушылар да осылай жасаған еді. Елшілерге анық түрде жеткізуден басқа міндет жүктелген бе
وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَسُولًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ هَدَى اللَّهُ وَمِنْهُمْ مَنْ حَقَّتْ عَلَيْهِ الضَّلَالَةُ ۚ فَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ
Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік. Сонда Аллаһ олардың кейбірін тура жолмен жүргізді, ал кейбірі адасуға лайық болды. Сендер жер жүзін аралап, өтірікке шығарушылардың соңы қандай болғанына назар салыңдар
إِنْ تَحْرِصْ عَلَىٰ هُدَاهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ يُضِلُّ ۖ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
Ей, Мұхаммед Оларды тура жолға салуға қанша ұмтылсаң да, анығында Аллаһ Өзі адастыратын құлын тура жолға салмайды. Әрі оларға ешбір жәрдем беруші жоқ
وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ ۙ لَا يَبْعَثُ اللَّهُ مَنْ يَمُوتُ ۚ بَلَىٰ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Әрі олар: «Аллаһ өлгенді қайта тірілтпейді», -деп, анттарының күштісі -Аллаһпен ант ішті. Жоқ! бұл, Оның хақ уәдесі. Бірақ, адамдардың көбі білмейді
لِيُبَيِّنَ لَهُمُ الَّذِي يَخْتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعْلَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّهُمْ كَانُوا كَاذِبِينَ
Аллаһ оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіру және сондай күпірлік еткендер Ақиретті теріске шығарғандар өздерінің өтірікші болғандарын білулері үшін қайта тірілтіледі

Choose other languages: