Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #34 Translated in Kazakh

وَقِيلَ لِلَّذِينَ اتَّقَوْا مَاذَا أَنْزَلَ رَبُّكُمْ ۚ قَالُوا خَيْرًا ۗ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا حَسَنَةٌ ۚ وَلَدَارُ الْآخِرَةِ خَيْرٌ ۚ وَلَنِعْمَ دَارُ الْمُتَّقِينَ
Ал, тақуаларға Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға : «Сендердің Раббың не түсірді?»- делінеді. Олар: «Жақсылық»,- дейді. Жақсылықты ықыласпен істегендерге осы өмірде жақсылық бар. Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет мекені одан да қайырлы. Тақуалық еткендердің Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың соңғы тұрағы қандай жақсы
جَنَّاتُ عَدْنٍ يَدْخُلُونَهَا تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ لَهُمْ فِيهَا مَا يَشَاءُونَ ۚ كَذَٰلِكَ يَجْزِي اللَّهُ الْمُتَّقِينَ
Олар астынан өзендер ағып жататын ’Адн жәннатының бақтарына кіреді. Ол жерде оларға қалағандары бар. Аллаһ тақуалық еткендердің Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардың/ қайтарым сыйын осылай береді
الَّذِينَ تَتَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ طَيِّبِينَ ۙ يَقُولُونَ سَلَامٌ عَلَيْكُمُ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Періштелер олардың жандарын таза күйлерінде алып: «Сәләмун алейкум! Сен­дерге амандық болсын! Істеген амалдарың үшін жәннатқа кіріңдер», -дейді
هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا أَنْ تَأْتِيَهُمُ الْمَلَائِكَةُ أَوْ يَأْتِيَ أَمْرُ رَبِّكَ ۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ اللَّهُ وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Олар мүшріктер өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның әмірі келуін күте ме? Олардан бұрынғылар да осылай жасаған еді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, керісінше олар өздеріне өздері әділетсіздік етті
فَأَصَابَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا عَمِلُوا وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Сөйтіп, оларға істеген амалдарының жамандығы жетті. Әрі олардың келеке етіп күлген нәрселері өздеріне тиді

Choose other languages: