Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #112 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ الَّذِينَ طَبَعَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَسَمْعِهِمْ وَأَبْصَارِهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ
Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп бітеп тастағандар. Олар нағыз қаперсіздер
لَا جَرَمَ أَنَّهُمْ فِي الْآخِرَةِ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Күмәнсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте нағыз зиян көрушілер болады
ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ هَاجَرُوا مِنْ بَعْدِ مَا فُتِنُوا ثُمَّ جَاهَدُوا وَصَبَرُوا إِنَّ رَبَّكَ مِنْ بَعْدِهَا لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Раббың бүлікке ұшырағаннан кейін қоныс аударып, одан соң Аллаһ жолында! күрескен және сабыр еткендерге содан бүліктен кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
يَوْمَ تَأْتِي كُلُّ نَفْسٍ تُجَادِلُ عَنْ نَفْسِهَا وَتُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسٍ مَا عَمِلَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Ол қайта тірілу күні әрбір жан өзі үшін дауласады және әркімге істегені толық беріліп, оларға әділетсіздік жасалмайды
وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا قَرْيَةً كَانَتْ آمِنَةً مُطْمَئِنَّةً يَأْتِيهَا رِزْقُهَا رَغَدًا مِنْ كُلِّ مَكَانٍ فَكَفَرَتْ بِأَنْعُمِ اللَّهِ فَأَذَاقَهَا اللَّهُ لِبَاسَ الْجُوعِ وَالْخَوْفِ بِمَا كَانُوا يَصْنَعُونَ
Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті Раббысының бергендерін мойындамады . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды

Choose other languages: