Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #48 Translated in Kazakh

وَمَا كُنْتَ بِجَانِبِ الْغَرْبِيِّ إِذْ قَضَيْنَا إِلَىٰ مُوسَى الْأَمْرَ وَمَا كُنْتَ مِنَ الشَّاهِدِينَ
Ей, Мұхаммед! Біз Мұсаға істі әмір еткенімізде, сен таудың батыс жағында емес едің және көріп тұрушылардан да болған жоқсың
وَلَٰكِنَّا أَنْشَأْنَا قُرُونًا فَتَطَاوَلَ عَلَيْهِمُ الْعُمُرُ ۚ وَمَا كُنْتَ ثَاوِيًا فِي أَهْلِ مَدْيَنَ تَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا وَلَٰكِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ
Алайда, Біз Мұсадан кейін көптеген ұрпақтарды пайда еттік әрі оларға ұзын өмірлер замандар өтті. Сен Мәдиянтұрғындары арасында тұрып, Оларға аяттарымызды оқыған жоқсың, бірақ Біз жіберушіміз
وَمَا كُنْتَ بِجَانِبِ الطُّورِ إِذْ نَادَيْنَا وَلَٰكِنْ رَحْمَةً مِنْ رَبِّكَ لِتُنْذِرَ قَوْمًا مَا أَتَاهُمْ مِنْ نَذِيرٍ مِنْ قَبْلِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Біз Мұсаға үн қатқан кезде, сен сол таудың жанында болған жоқсың. Алайда, сенен бұрын ескертуші келмеген қауымға ескертуің үшін және олар еске алулары үшін Раббыңнан бір мейірім ретінде сені жібердік
وَلَوْلَا أَنْ تُصِيبَهُمْ مُصِيبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ فَيَقُولُوا رَبَّنَا لَوْلَا أَرْسَلْتَ إِلَيْنَا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ آيَاتِكَ وَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Оларға Мекке мүшріктеріне қолдарымен жасаған істеріне орай бастарына бір қасірет келгенде: «Раббымыз! Егер бізге бір Елші жібергеніңде, аяттарына ерер едік жәнеиманға келгендерден болар едік!» деп айтпауы үшін
فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِنْدِنَا قَالُوا لَوْلَا أُوتِيَ مِثْلَ مَا أُوتِيَ مُوسَىٰ ۚ أَوَلَمْ يَكْفُرُوا بِمَا أُوتِيَ مُوسَىٰ مِنْ قَبْلُ ۖ قَالُوا سِحْرَانِ تَظَاهَرَا وَقَالُوا إِنَّا بِكُلٍّ كَافِرُونَ
Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер мұғжизалар оған да берілгенде еді?» деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар Мекке мүшріктері : «Бұл бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», деді. Әрі: «Біз бұлардың ешқайсысына сенбейміз», деді

Choose other languages: