Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #32 Translated in Kazakh

قَالَ ذَٰلِكَ بَيْنِي وَبَيْنَكَ ۖ أَيَّمَا الْأَجَلَيْنِ قَضَيْتُ فَلَا عُدْوَانَ عَلَيَّ ۖ وَاللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٌ
Мұса : «Бұл мені мен сенің арамыздағы келісім . Екі мерзімнің қайсысын өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға келісімімізге Аллаһ кепіл», деді
فَلَمَّا قَضَىٰ مُوسَى الْأَجَلَ وَسَارَ بِأَهْلِهِ آنَسَ مِنْ جَانِبِ الطُّورِ نَارًا قَالَ لِأَهْلِهِ امْكُثُوا إِنِّي آنَسْتُ نَارًا لَعَلِّي آتِيكُمْ مِنْهَا بِخَبَرٍ أَوْ جَذْوَةٍ مِنَ النَّارِ لَعَلَّكُمْ تَصْطَلُونَ
Мұса келісілген мерзімді аяқтап, үй-ішімен еліне қарай жолға шыққанда, тау жақтан бір от көрді. Ол үй-ішіне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін ол жерден бір хабар немесе жылынуларың үшін оттан бір тамызық әкелермін»,- деді
فَلَمَّا أَتَاهَا نُودِيَ مِنْ شَاطِئِ الْوَادِ الْأَيْمَنِ فِي الْبُقْعَةِ الْمُبَارَكَةِ مِنَ الشَّجَرَةِ أَنْ يَا مُوسَىٰ إِنِّي أَنَا اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ
Ол оған отқа барған кезде, қасиетті жердегі жазықтың оң жағындағы ағаштан: «Ей, Мұса! Мен әлемдердің Раббысы Аллаһпын
وَأَنْ أَلْقِ عَصَاكَ ۖ فَلَمَّا رَآهَا تَهْتَزُّ كَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّىٰ مُدْبِرًا وَلَمْ يُعَقِّبْ ۚ يَا مُوسَىٰ أَقْبِلْ وَلَا تَخَفْ ۖ إِنَّكَ مِنَ الْآمِنِينَ
Таяғыңды таста», деп үн қатылды. Ол таяғын тастағанда оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. Аллаһ: «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен амандықта болғандар қатарындасың
اسْلُكْ يَدَكَ فِي جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ وَاضْمُمْ إِلَيْكَ جَنَاحَكَ مِنَ الرَّهْبِ ۖ فَذَانِكَ بُرْهَانَانِ مِنْ رَبِّكَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан арылу үшін қанатыңды қолыңды өзіңе тартып қыс. Бұл мұғжиза Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жіберілген екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», деді

Choose other languages: