Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Munafiqoon Ayahs #5 Translated in Kazakh

إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ قَالُوا نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَكَاذِبُونَ
Ей, Мұхаммед! Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді
اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар анттарын қалқан етіп алып, өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ
Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері имансыздыққа қайтулары себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді
وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْ ۖ وَإِنْ يَقُولُوا تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْ ۖ كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُسَنَّدَةٌ ۖ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ ۚ هُمُ الْعَدُوُّ فَاحْذَرْهُمْ ۚ قَاتَلَهُمُ اللَّهُ ۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар шындықтан қайда бет бұрып барады
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا يَسْتَغْفِرْ لَكُمْ رَسُولُ اللَّهِ لَوَّوْا رُءُوسَهُمْ وَرَأَيْتَهُمْ يَصُدُّونَ وَهُمْ مُسْتَكْبِرُونَ
Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің

Choose other languages: