Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Munafiqoon Ayahs #8 Translated in Kazakh

وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْ ۖ وَإِنْ يَقُولُوا تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْ ۖ كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُسَنَّدَةٌ ۖ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ ۚ هُمُ الْعَدُوُّ فَاحْذَرْهُمْ ۚ قَاتَلَهُمُ اللَّهُ ۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар шындықтан қайда бет бұрып барады
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا يَسْتَغْفِرْ لَكُمْ رَسُولُ اللَّهِ لَوَّوْا رُءُوسَهُمْ وَرَأَيْتَهُمْ يَصُدُّونَ وَهُمْ مُسْتَكْبِرُونَ
Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің
سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَسْتَغْفَرْتَ لَهُمْ أَمْ لَمْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ لَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдарды тура жолға салмайды
هُمُ الَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنْفِقُوا عَلَىٰ مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ حَتَّىٰ يَنْفَضُّوا ۗ وَلِلَّهِ خَزَائِنُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلَٰكِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَا يَفْقَهُونَ
«Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін», дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді
يَقُولُونَ لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ ۚ وَلِلَّهِ الْعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَلَٰكِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Олар: «Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады», -дейді. Ақиқатында, үстемдік Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді

Choose other languages: