Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #47 Translated in Kazakh

مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ
Ешбір ел өзіне белгіленген мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра кешіктіре алмайды
ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَىٰ ۖ كُلَّ مَا جَاءَ أُمَّةً رَسُولُهَا كَذَّبُوهُ ۚ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُمْ بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ ۚ فَبُعْدًا لِقَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ
Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін құртып жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
ثُمَّ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ وَأَخَاهُ هَارُونَ بِآيَاتِنَا وَسُلْطَانٍ مُبِينٍ
Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік
إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا عَالِينَ
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді
فَقَالُوا أَنُؤْمِنُ لِبَشَرَيْنِ مِثْلِنَا وَقَوْمُهُمَا لَنَا عَابِدُونَ
Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» деді

Choose other languages: