Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #74 Translated in Kazakh

لَقَدْ أَخَذْنَا مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَأَرْسَلْنَا إِلَيْهِمْ رُسُلًا ۖ كُلَّمَا جَاءَهُمْ رَسُولٌ بِمَا لَا تَهْوَىٰ أَنْفُسُهُمْ فَرِيقًا كَذَّبُوا وَفَرِيقًا يَقْتُلُونَ
Ақиқатында, Біз Исраил ұрпақтарының сертін алдық әрі оларға елшілер жібердік. Әркез оларға қандай да бір Елші, көңілдері қаламаған нәрсені келтірген сайын, олар елшілердің бір бөлімін өтірікке шығарып, бір бөлімін өлтіретін еді
وَحَسِبُوا أَلَّا تَكُونَ فِتْنَةٌ فَعَمُوا وَصَمُّوا ثُمَّ تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ ثُمَّ عَمُوا وَصَمُّوا كَثِيرٌ مِنْهُمْ ۚ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Әрі олар ешқандай сынақ болмайды деп есептегендіктен, соқыр әрі саңырау болып алды. Содан кейін Аллаһ олардың істеген күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етті. Содан кейін де олардың көбі ақиқатқа соқыр әрі саңырау болды. Аллаһ олардың не істеп жатқанын Көруші
لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ ۖ وَقَالَ الْمَسِيحُ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اعْبُدُوا اللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْ ۖ إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ ۖ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ
Анығында: «Аллаһ Мәриям ұлы Мәсих», деп айтқандар, кәпір болды. Ақиқатында, Мәсих: «Ей, Исраил ұрпақтары! Менің Раббым әрі сендердің Раббың Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Өйткені, кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, Аллаһ оған Жәннатты тыйым етіп салып, оның тұрағы От тозақ болады. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ», деп айтты
لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ ثَالِثُ ثَلَاثَةٍ ۘ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۚ وَإِنْ لَمْ يَنْتَهُوا عَمَّا يَقُولُونَ لَيَمَسَّنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Шын мәнінде: «Аллаһ үштіктің үшіншісі», дегендер күпірлік етті Аллаһтың бірлігін теріске шығарды . Жалғыз құдайдан Аллаһтан басқа құдай жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, олардан күпірлік еткендерге Аллаһқа қарсы келгендерге , міндетті түрде күйзелтуші азап тиеді
أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى اللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубе етіп және Одан кешірім тілемей ме? Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: