Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَلَوْلَا إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شَاءَ اللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ ۚ إِنْ تَرَنِ أَنَا أَقَلَّ مِنْكَ مَالًا وَوَلَدًا
Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең
فَعَسَىٰ رَبِّي أَنْ يُؤْتِيَنِ خَيْرًا مِنْ جَنَّتِكَ وَيُرْسِلَ عَلَيْهَا حُسْبَانًا مِنَ السَّمَاءِ فَتُصْبِحَ صَعِيدًا زَلَقًا
онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады
أَوْ يُصْبِحَ مَاؤُهَا غَوْرًا فَلَنْ تَسْتَطِيعَ لَهُ طَلَبًا
Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», деді
وَأُحِيطَ بِثَمَرِهِ فَأَصْبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيْهِ عَلَىٰ مَا أَنْفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُشْرِكْ بِرَبِّي أَحَدًا
Сөйтіп жолдасының айтқаны келіп , оның өнімін апат орады, ол аспаларымен бірге құлап жатқан бағына сарп еткеніне шығынына өкіне, алақандарын аударып қалды сан соғыпқалды . Ол: «Қап, Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда еді», -деді
وَلَمْ تَكُنْ لَهُ فِئَةٌ يَنْصُرُونَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَمَا كَانَ مُنْتَصِرًا
Әрі оның Аллаһтан өзге жәрдем беретін адамдары жақтастары болған жоқ және ол өзі-өзіне көмектесе алмады

Choose other languages: