Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #41 Translated in Kazakh

قَالَ لَهُ صَاحِبُهُ وَهُوَ يُحَاوِرُهُ أَكَفَرْتَ بِالَّذِي خَلَقَكَ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ مِنْ نُطْفَةٍ ثُمَّ سَوَّاكَ رَجُلًا
Сонда сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен өзіңді алдымен топырақтан, кейін тамшыдан жаратқан, кейін рет-ретімен теңестіріп, ер адам етіп қалыптастырғанға күпірлік етесің бе сенбей, қарсы келесің бе
لَٰكِنَّا هُوَ اللَّهُ رَبِّي وَلَا أُشْرِكُ بِرَبِّي أَحَدًا
Ал, мен үшін Ол Аллаһ менің Раббым Ием , мен Оған ешкімді серік етіп қоспаймын
وَلَوْلَا إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شَاءَ اللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ ۚ إِنْ تَرَنِ أَنَا أَقَلَّ مِنْكَ مَالًا وَوَلَدًا
Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең
فَعَسَىٰ رَبِّي أَنْ يُؤْتِيَنِ خَيْرًا مِنْ جَنَّتِكَ وَيُرْسِلَ عَلَيْهَا حُسْبَانًا مِنَ السَّمَاءِ فَتُصْبِحَ صَعِيدًا زَلَقًا
онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады
أَوْ يُصْبِحَ مَاؤُهَا غَوْرًا فَلَنْ تَسْتَطِيعَ لَهُ طَلَبًا
Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», деді

Choose other languages: