Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Jinn Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَأَنَّا لَا نَدْرِي أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَنْ فِي الْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًا
Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма
وَأَنَّا مِنَّا الصَّالِحُونَ وَمِنَّا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ كُنَّا طَرَائِقَ قِدَدًا
Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік
وَأَنَّا ظَنَنَّا أَنْ لَنْ نُعْجِزَ اللَّهَ فِي الْأَرْضِ وَلَنْ نُعْجِزَهُ هَرَبًا
Негізінде, біз Аллаһты Оның құдіретін жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік
وَأَنَّا لَمَّا سَمِعْنَا الْهُدَىٰ آمَنَّا بِهِ ۖ فَمَنْ يُؤْمِنْ بِرَبِّهِ فَلَا يَخَافُ بَخْسًا وَلَا رَهَقًا
Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол жақсылығының кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды
وَأَنَّا مِنَّا الْمُسْلِمُونَ وَمِنَّا الْقَاسِطُونَ ۖ فَمَنْ أَسْلَمَ فَأُولَٰئِكَ تَحَرَّوْا رَشَدًا
Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар бойсұнушылар да бар және арамыз­да ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады

Choose other languages: