Surah Al-Hujraat Ayahs #11 Translated in Kazakh
وَاعْلَمُوا أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ اللَّهِ ۚ لَوْ يُطِيعُكُمْ فِي كَثِيرٍ مِنَ الْأَمْرِ لَعَنِتُّمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ الْإِيمَانَ وَزَيَّنَهُ فِي قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ الْكُفْرَ وَالْفُسُوقَ وَالْعِصْيَانَ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الرَّاشِدُونَ
Әрі біліңдер, сендердің араларыңда Аллаһтың Елшісі бар. Егер де ол сендерге көп істе бағынатын болса, өздерің қиналып қалатын едіңдер. Бірақ, Аллаһ сендерге иманды сүйікті етті және оны жүректеріңде көркем етті, әрі сендерге күпірлікті имансыздықты , бұзықтықты үлкен және кіші күнәларды және бойсұнбауды жек көрсетті. Міне, бұлар тура жолмен жүрушілер
فَضْلًا مِنَ اللَّهِ وَنِعْمَةً ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Аллаһтың кеңшілігі және игілігі арқасында. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
وَإِنْ طَائِفَتَانِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اقْتَتَلُوا فَأَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا ۖ فَإِنْ بَغَتْ إِحْدَاهُمَا عَلَى الْأُخْرَىٰ فَقَاتِلُوا الَّتِي تَبْغِي حَتَّىٰ تَفِيءَ إِلَىٰ أَمْرِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ فَاءَتْ فَأَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا بِالْعَدْلِ وَأَقْسِطُوا ۖ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ
Егер имандылардан екі топ бір-бірімен соғысса, олардың арасын жарастырыңдар. Егер де біреуі екіншісіне қарсы шектен шықса, онда шектен шыққанымен, олардың Аллаһтың әміріне қайтқанына дейін соғысыңдар. Ал егер қайтса, олардың арасын әділдікпен түзетіңдер және бір жағына тартпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Ақиқатында, имандылар бауырлар аға-інілер . Сондықтан екі бауырдың арасын түзетіңдер. Әрі өздеріңе мейірім етілуі үшін Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَوْمٌ مِنْ قَوْمٍ عَسَىٰ أَنْ يَكُونُوا خَيْرًا مِنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِنْ نِسَاءٍ عَسَىٰ أَنْ يَكُنَّ خَيْرًا مِنْهُنَّ ۖ وَلَا تَلْمِزُوا أَنْفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ ۖ بِئْسَ الِاسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيمَانِ ۚ وَمَنْ لَمْ يَتُبْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ей, иманға келгендер! Бір топ бір адамдар басқа бір топты адамдарды келемеж етпесін, адамдар бір-бірінің үстінен күлмесін ,бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар. Сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерді келемеж етпесін , бәлкім олар да бұлардан қайырлы шығар. Әрі өздеріңді-өздерің кемсітпеңдер және жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер. Иманға келгеннен кейін бұзық ат тағу өте жаман! Ал кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпаса тәубеге келмесе , міне, солар әділетсіздер
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
