Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hijr Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحْشُرُهُمْ ۚ إِنَّهُ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ
Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық
وَالْجَانَّ خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ مِنْ نَارِ السَّمُومِ
Ал, жынды адамнан алдын, қызуы қатты түтінсіз оттан жараттық
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَرًا مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ
Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын
فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِنْ رُوحِي فَقَعُوا لَهُ سَاجِدِينَ
Оны тұла бойын жасап, тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі иелігімдегі рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді

Choose other languages: