Surah Al-Hajj Ayahs #60 Translated in Kazakh
الْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ لِلَّهِ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ ۚ فَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Ол күні билік Аллаһта, Ол олардың арасына үкім шығарады. Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер Наъим бақтарында болады
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا فَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Ал, күпірлік еткендерге Аллаһ пен Оның Елшісіне сенбегендерге , Біздің аяттарымызды өтірік санағандарға, міне, соларға қорлаушы азап болады
وَالَّذِينَ هَاجَرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ قُتِلُوا أَوْ مَاتُوا لَيَرْزُقَنَّهُمُ اللَّهُ رِزْقًا حَسَنًا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
Сондай-ақ, Аллаһ жолында қоныс аударып һижра жасап , содан кейін соғыста өлтірілген немесе үйінде қайтыс болғандарға сөзсіз, Аллаһ көркем ризық береді. Ақиқатында, Аллаһ -ризық берушілердің ең қайырлысы
لَيُدْخِلَنَّهُمْ مُدْخَلًا يَرْضَوْنَهُ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَعَلِيمٌ حَلِيمٌ
Ол Аллаһ оларды міндетті түрде, олар разы болатын жайға кіргізеді. Аллаһ бәрін Білуші, өте Ұстамды
ذَٰلِكَ وَمَنْ عَاقَبَ بِمِثْلِ مَا عُوقِبَ بِهِ ثُمَّ بُغِيَ عَلَيْهِ لَيَنْصُرَنَّهُ اللَّهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٌ
Міне осылай, кім өзі жазаланғандай жазалап, содан кейін оған әділетсіздік жасалса, Аллаһ оған міндетті түрде жәрдем береді. Аллаһ жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
