Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #51 Translated in Kazakh

وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِالْعَذَابِ وَلَنْ يُخْلِفَ اللَّهُ وَعْدَهُ ۚ وَإِنَّ يَوْمًا عِنْدَ رَبِّكَ كَأَلْفِ سَنَةٍ مِمَّا تَعُدُّونَ
Әрі олар сенен азаптың тез болуын сұрайды, бірақ Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Әрі ақиқатында, Раббыңның қасындағы бір күн, сендердің есептеулеріңмен мың жылға тең
وَكَأَيِّنْ مِنْ قَرْيَةٍ أَمْلَيْتُ لَهَا وَهِيَ ظَالِمَةٌ ثُمَّ أَخَذْتُهَا وَإِلَيَّ الْمَصِيرُ
Ал, қаншама әділетсіз болған елді мекендерге мұрсат беріп, кейін оларды ұстадым жазаладым . Әрі қайту Маған Олар аса ұлы Аллаһқа қайтады
قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا أَنَا لَكُمْ نَذِيرٌ مُبِينٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Әй, адамдар! Шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін»,- деп
فَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
Иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім және мол ризық бар
وَالَّذِينَ سَعَوْا فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Ал, сондай Біздің аят-белгілерімізді әлсіретуге тырысқандар, міне солар Жахимға (Тозаққа) түсушілер

Choose other languages: