Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hadid Ayahs #9 Translated in Kazakh

لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Аспандардың және жердің билігі Оған тән. Әрі барлық істер Аллаһқа қайтарылады
يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ ۚ وَهُوَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді. Әрі Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَأَنْفِقُوا مِمَّا جَعَلَكُمْ مُسْتَخْلَفِينَ فِيهِ ۖ فَالَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَأَنْفَقُوا لَهُمْ أَجْرٌ كَبِيرٌ
Аллаһқа және Оның Елшісіне сеніңдер әрі Ол сендердің қол астарыңа иеліктеріңе берген нәрселерден жұмсаңдар. Сендерден иманға келгендерге әрі жұмсағандарға үлкен сый бар
وَمَا لَكُمْ لَا تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ ۙ وَالرَّسُولُ يَدْعُوكُمْ لِتُؤْمِنُوا بِرَبِّكُمْ وَقَدْ أَخَذَ مِيثَاقَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Елші сендерді өздеріңнің Раббыңа сенуге шақырса да Аллаһқа сенбейтіндей сендерге не болды? Егер сендер иманды мүмін болсаңдар, негізінде, Ол Аллаһ серттеріңді алған еді
هُوَ الَّذِي يُنَزِّلُ عَلَىٰ عَبْدِهِ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ لِيُخْرِجَكُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ۚ وَإِنَّ اللَّهَ بِكُمْ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына анық аят-белгілер түсіреді. Ақиқатында, Аллаһ сендерге аса Мейірбан, ерекше Мейірімді

Choose other languages: