Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hadid Ayahs #29 Translated in Kazakh

ثُمَّ قَفَّيْنَا عَلَىٰ آثَارِهِمْ بِرُسُلِنَا وَقَفَّيْنَا بِعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ وَآتَيْنَاهُ الْإِنْجِيلَ وَجَعَلْنَا فِي قُلُوبِ الَّذِينَ اتَّبَعُوهُ رَأْفَةً وَرَحْمَةً وَرَهْبَانِيَّةً ابْتَدَعُوهَا مَا كَتَبْنَاهَا عَلَيْهِمْ إِلَّا ابْتِغَاءَ رِضْوَانِ اللَّهِ فَمَا رَعَوْهَا حَقَّ رِعَايَتِهَا ۖ فَآتَيْنَا الَّذِينَ آمَنُوا مِنْهُمْ أَجْرَهُمْ ۖ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ فَاسِقُونَ
Кейін олардың соңынан елшілерімізді жібердік. Әрі Мәриямның ұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік және оған ілескендердің жүректеріне жанашырлық және мейірім салдық. Ал, монахтықты олардың өздері ойлап тапты, Біз оларға оны белгілеп бекіткен жоқпыз. Алайда олар оны Аллаһтың ризалығын іздеу үшін шығарды. Бірақ олар оны өздеріне-өздері міндет еткендей лайықты түрде ұстай алмады. Біз олардың іштерінен иманға келіп сенгендеріне сыйларын бердік, алайда олардың көбі бұзықтар бойсұнбаушылар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَآمِنُوا بِرَسُولِهِ يُؤْتِكُمْ كِفْلَيْنِ مِنْ رَحْمَتِهِ وَيَجْعَلْ لَكُمْ نُورًا تَمْشُونَ بِهِ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа тақуалық етіңдер Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге, өздерің онымен жүретін нұр жарық жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لِئَلَّا يَعْلَمَ أَهْلُ الْكِتَابِ أَلَّا يَقْدِرُونَ عَلَىٰ شَيْءٍ مِنْ فَضْلِ اللَّهِ ۙ وَأَنَّ الْفَضْلَ بِيَدِ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Кітап берілген қауым, өздерінің Аллаһтың кеңшілігінен ешнәрсеге шамалары жетпейтіндігін әрі кеңшілік Аллаһтың қолында екенін, Ол оны Өзі қалағанға беретінін білсін, әрі Аллаһ ұлы кеңшілік Иесі

Choose other languages: