Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hadid Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَمَا لَكُمْ أَلَّا تُنْفِقُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلِلَّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا يَسْتَوِي مِنْكُمْ مَنْ أَنْفَقَ مِنْ قَبْلِ الْفَتْحِ وَقَاتَلَ ۚ أُولَٰئِكَ أَعْظَمُ دَرَجَةً مِنَ الَّذِينَ أَنْفَقُوا مِنْ بَعْدُ وَقَاتَلُوا ۚ وَكُلًّا وَعَدَ اللَّهُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында садақа бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар кейінгілермен бірдей емес. Олардың дәрежесі жеңістен кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны Жәннатты уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар
مَنْ ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ وَلَهُ أَجْرٌ كَرِيمٌ
Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, Ол оған оны еселеп арттырып қайтарады әрі оған құрметті сый бар
يَوْمَ تَرَى الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ يَسْعَىٰ نُورُهُمْ بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَبِأَيْمَانِهِمْ بُشْرَاكُمُ الْيَوْمَ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Сол Қайта тірілу күні иманды ерлер мен иманды әйелдердің нұрлары алдарында және оң жақтарында болғанын көресің. Оларға: «Бүгін сендер үшін қуаныш астынан өзендер ағып жататын, сендер онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтар бар. Міне, осы ұлы жетістік
يَوْمَ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالْمُنَافِقَاتُ لِلَّذِينَ آمَنُوا انْظُرُونَا نَقْتَبِسْ مِنْ نُورِكُمْ قِيلَ ارْجِعُوا وَرَاءَكُمْ فَالْتَمِسُوا نُورًا فَضُرِبَ بَيْنَهُمْ بِسُورٍ لَهُ بَابٌ بَاطِنُهُ فِيهِ الرَّحْمَةُ وَظَاهِرُهُ مِنْ قِبَلِهِ الْعَذَابُ
Ол күні мұнафиқ ерлер мен мүнафиқ әйелдер иманға келгендерге: «Бізді күте тұрыңдаршы, сендердің нұрларыңнан пайдаланайық», дейді. Оларға: «Нұрды арттарыңа қайтып, іздеңдер», -делінеді. Кейін олардың арасына қақпасы бар қамал орнатылады. Оның ішінде игілік, ал сыртқы жағында азап болады
يُنَادُونَهُمْ أَلَمْ نَكُنْ مَعَكُمْ ۖ قَالُوا بَلَىٰ وَلَٰكِنَّكُمْ فَتَنْتُمْ أَنْفُسَكُمْ وَتَرَبَّصْتُمْ وَارْتَبْتُمْ وَغَرَّتْكُمُ الْأَمَانِيُّ حَتَّىٰ جَاءَ أَمْرُ اللَّهِ وَغَرَّكُمْ بِاللَّهِ الْغَرُورُ
Олар мұнафиқтар бұларға: «Біз сендермен бірге болмадық па?!» деп дауыстайды. Бұлар имандылар : «Иә, бірақ сендер өздеріңді-өздерің азғырып бүлікке салдыңдар, не боларын күттіңдер, күмәндандыңдар, Аллаһтың әмірі өлім келгенге дейін сендерді бос армандар алдады. Әрі Аллаһ жайында сендерді алдаушы шайтан алдады», дейді

Choose other languages: