Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hadid Ayahs #4 Translated in Kazakh

سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Аспандағылар және жердегілер Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Ол бәріненҮстем, аса Дана
لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің билігі Онікі. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол әрбір нәрсені Жасай алушы
هُوَ الْأَوَّلُ وَالْآخِرُ وَالظَّاهِرُ وَالْبَاطِنُ ۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ол әл-Әууәл Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған, ең Алғашқы әрі әл-Ахир Одан кейін ешнәрсе болмайтын, ең Соңғы , әз-Зохир өте Анық, барлық нәрсені Өзіне бағындырып тұрушы, бәрінен Жоғары , әрі әл-Батин өте Жасырын, жаратылғандарға көрінбей бәрін қамтып тұрушы, ең Жақын . Әрі Ол барлық нәрсені Білуші
هُوَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۚ يَعْلَمُ مَا يَلِجُ فِي الْأَرْضِ وَمَا يَخْرُجُ مِنْهَا وَمَا يَنْزِلُ مِنَ السَّمَاءِ وَمَا يَعْرُجُ فِيهَا ۖ وَهُوَ مَعَكُمْ أَيْنَ مَا كُنْتُمْ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Ол сондай, аспандарды және жерді алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол жерге ненің кіретінін және одан ненің шығатынын әрі аспаннан ненің түсетінін және оған ненің көтерілетінін біледі. Әрі Ол қай жерде болсаңдар да сендермен бірге. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

Choose other languages: