Surah Al-Furqan Ayahs #7 Translated in Kazakh
وَاتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً لَا يَخْلُقُونَ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ وَلَا يَمْلِكُونَ لِأَنْفُسِهِمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا وَلَا يَمْلِكُونَ مَوْتًا وَلَا حَيَاةً وَلَا نُشُورًا
Ал олар мүшріктер ешнәрсе жарата алмайтын, керісінше өздері жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا إِفْكٌ افْتَرَاهُ وَأَعَانَهُ عَلَيْهِ قَوْمٌ آخَرُونَ ۖ فَقَدْ جَاءُوا ظُلْمًا وَزُورًا
Әрі күпірлік етушілер Құранды мойындамаушылар : «бұл Құран бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты
وَقَالُوا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ اكْتَتَبَهَا فَهِيَ تُمْلَىٰ عَلَيْهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا
Сондай-ақ олар: « Бұл бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», деді
قُلْ أَنْزَلَهُ الَّذِي يَعْلَمُ السِّرَّ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنَّهُ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мұны Құранды аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол кешірімді, мейірімді», деп
وَقَالُوا مَالِ هَٰذَا الرَّسُولِ يَأْكُلُ الطَّعَامَ وَيَمْشِي فِي الْأَسْوَاقِ ۙ لَوْلَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مَلَكٌ فَيَكُونَ مَعَهُ نَذِيرًا
Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
