Surah Al-Furqan Ayahs #19 Translated in Kazakh
قُلْ أَذَٰلِكَ خَيْرٌ أَمْ جَنَّةُ الْخُلْدِ الَّتِي وُعِدَ الْمُتَّقُونَ ۚ كَانَتْ لَهُمْ جَزَاءً وَمَصِيرًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін істегендерінің қайтарымы әрі қайтар орны», деп
لَهُمْ فِيهَا مَا يَشَاءُونَ خَالِدِينَ ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعْدًا مَسْئُولًا
Олар онда жәннатта мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл Раббың міндетіне алған, ол туралы құлдары тілейтін уәде
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ فَيَقُولُ أَأَنْتُمْ أَضْلَلْتُمْ عِبَادِي هَٰؤُلَاءِ أَمْ هُمْ ضَلُّوا السَّبِيلَ
Әрі ол күні оларды мүшріктерді және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» дейді
قَالُوا سُبْحَانَكَ مَا كَانَ يَنْبَغِي لَنَا أَنْ نَتَّخِذَ مِنْ دُونِكَ مِنْ أَوْلِيَاءَ وَلَٰكِنْ مَتَّعْتَهُمْ وَآبَاءَهُمْ حَتَّىٰ نَسُوا الذِّكْرَ وَكَانُوا قَوْمًا بُورًا
Олар олардыңтабынғандары : «Сен барлық кемшіліктен пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің пайдаландырдың , олар тіпті еске алуды ескертуді ұмытты. Олар құритын ел еді», дейді
فَقَدْ كَذَّبُوكُمْ بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسْتَطِيعُونَ صَرْفًا وَلَا نَصْرًا ۚ وَمَنْ يَظْلِمْ مِنْكُمْ نُذِقْهُ عَذَابًا كَبِيرًا
Серік қосушыларға : «Олар табынған заттарың сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер жазаны бұрып жіберуге де әрі өздеріңе көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», делінеді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
