Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #216 Translated in Kazakh

زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا ۘ وَالَّذِينَ اتَّقَوْا فَوْقَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Күпірлік етушілерге Аллаһқа қарсыкелушілерге бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді
كَانَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً فَبَعَثَ اللَّهُ النَّبِيِّينَ مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ وَأَنْزَلَ مَعَهُمُ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ فِيمَا اخْتَلَفُوا فِيهِ ۚ وَمَا اخْتَلَفَ فِيهِ إِلَّا الَّذِينَ أُوتُوهُ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۖ فَهَدَى اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا لِمَا اخْتَلَفُوا فِيهِ مِنَ الْحَقِّ بِإِذْنِهِ ۗ وَاللَّهُ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді
أَمْ حَسِبْتُمْ أَنْ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُمْ مَثَلُ الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلِكُمْ ۖ مَسَّتْهُمُ الْبَأْسَاءُ وَالضَّرَّاءُ وَزُلْزِلُوا حَتَّىٰ يَقُولَ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ مَتَىٰ نَصْرُ اللَّهِ ۗ أَلَا إِنَّ نَصْرَ اللَّهِ قَرِيبٌ
Ей, мұсылмандар! Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын
يَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنْفِقُونَ ۖ قُلْ مَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ خَيْرٍ فَلِلْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۗ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Жақсылықтан нені жұмсасаңдар ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, кедейлерге және жолда қалғанға жұмсаңдар. Қандай қайырлы іс істесеңдер де әлбетте, Аллаһ оны Білуші», -деп
كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ وَهُوَ كُرْهٌ لَكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَنْ تُحِبُّوا شَيْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер

Choose other languages: