Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #194 Translated in Kazakh

وَقَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ الَّذِينَ يُقَاتِلُونَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Әрі өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар және шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді
وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثَقِفْتُمُوهُمْ وَأَخْرِجُوهُمْ مِنْ حَيْثُ أَخْرَجُوكُمْ ۚ وَالْفِتْنَةُ أَشَدُّ مِنَ الْقَتْلِ ۚ وَلَا تُقَاتِلُوهُمْ عِنْدَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ حَتَّىٰ يُقَاتِلُوكُمْ فِيهِ ۖ فَإِنْ قَاتَلُوكُمْ فَاقْتُلُوهُمْ ۗ كَذَٰلِكَ جَزَاءُ الْكَافِرِينَ
Әрі оларды көріп, ұстаған жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді шығарған жерден Меккеден , сендер де оларды шығарыңдар. Бүлік Аллаһқа серік қосу кісі өлтіргеннен де ауыр. Олар әл-Харам мешітінің жанында сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Ал, егер сендермен соғысса, оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің қайтарым жазасы осындай
فَإِنِ انْتَهَوْا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Егер олар тоқтатса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
وَقَاتِلُوهُمْ حَتَّىٰ لَا تَكُونَ فِتْنَةٌ وَيَكُونَ الدِّينُ لِلَّهِ ۖ فَإِنِ انْتَهَوْا فَلَا عُدْوَانَ إِلَّا عَلَى الظَّالِمِينَ
Әрі олармен мүшріктермен бүлік қалмағанға және дін Аллаһқа болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, әділетсіздерден басқаға дұшпандық жоқ
الشَّهْرُ الْحَرَامُ بِالشَّهْرِ الْحَرَامِ وَالْحُرُمَاتُ قِصَاصٌ ۚ فَمَنِ اعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْ فَاعْتَدُوا عَلَيْهِ بِمِثْلِ مَا اعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Тыйым салынған ай үшін тыйым салынған ай әрі тыйым салынғанға бұзғанға кек қайтару бар. Сонда кім сендерге қарсы шектен шықса, оның сендер­ге қарсы шектен шыққанындай, сендер де оған қарсы шығыңдар. Әрі Аллаһтан/ Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар және біліңдер, Аллаһ тақуалармен Өзінің жазасынан, қорқып, сақтанушылармен бірге

Choose other languages: